«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты ойынның өткізілуі жөнінде есебі

2018-жылдың 28-мамыр күні «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты: студенттердің интелектуалдық және мәдени деңгейлерін көтеруге, танымдылық шеңберін кеңейтуге, белгілі бір іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, өзін өзі дамытуы, адамгершілік, эстетикалық ұстанымдарды, бірлесе қызмет істеуді, ұжымдық сананы тәрбиелеуге, ыждағаттылық пен жадыны, ойлау қабілетін дамытуға, салыстыра білуге тәрбиелеуге студенттер арасында бос уақытты интелектуалды түрде өткізуді кеңінен таратуға насихаттау болып табылады.

Ойын төмендегідей міндеттерді қарастырды:

– студенттердің танымдық шеңберін кеңейту, интеллектуалдық мәдениетін арттыру;

– тиімді командалық өзара іс-әрекеттер дағдыларын қалыптастыру;

– ғылыми білімдер мен ғылыми қызығушылықтарын дамытуға насихаттау;

– ойынға қатысушылардың зияткерлік әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

– студенттер арасында өзара қарым-қатынастарды нығайту үшін жағдай жасау.

Ойынға екі команда қатысты: «Megamind» және «10 теңге», әр командада 6 ойыншыдан болды.

Ойынның жеңімпазы дұрыс жауаптардың ең көп саны бойынша анықталды. 1 дұрыс жауап 1 балл болып саналды.

Бірінші орынды иеленген команда грамотамен марапатталды, ал қатысушылар жүлделермен марапатталды.