2025 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында Қазақ Тамағтану Академиясының конференц-залында “Біз біргеміз” атты іс-шара қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттерінің белсенді ат салысуымен ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара көктемгі мерекелерге, соның ішінде Алғыс айту күніне арналды.
Ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық сақтау, нутрициология және эпидемиология кафедралары (АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курстарымен бірге). Іс-шараның модераторлары: Кусайынова Эльмира Избасаровна, Текманова Айнұр Құмарбекқызы және Бейсенбинова Жанат Бекмұханбетқызы.
Мерекеге орай студенттер өздерінің шығармашылық өнерлерімен бөлісті. Олар Алғыс айту күніне арналған бейнеролик дайындап, оқытушылар құрамына деген алғысын білдірді. Оқудағы жылдарын еске ала отырып, студенттер оқытушылардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды рөлін атап өтті, алған білімдері, дағдыларымен қатар университетте жоғары мәдениетке тәрбиелегені үшін алғыс айтты.
Жақсылық Иман бастаған студенттер, сондай-ақ белсенді және талантты қатысушылар (Байғали, Арай, Шолпан, Нұрәлем және т.б.) өздерінің өнерлерімен, ұшқыр ойларымен шараға мерекелік көңіл-күй силады. Олар күй орындап, ән айтып, оқытушыларға деген ыстық ықыластарын білдіретін бейнеролик ұсынды.
Біздің студенттеріміздің арасында осындай қырағы, дарынды және талантты жастардың көптігі көңілге мейірім ұялатады. Олардың университет өміріне белсенді қатысуы ораторлық, шығармашылық және көшбасшылық қасиеттердің дамуына ықпал ететінін дәлел.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті, барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлады. Өз кезегінде, оқытушылар студенттерге сәттілік, жаңа белестерді бағындыру және өз саласының көшбасшысы болуға тілектестік білдірді.
Іс-шараны ұйымдастырғандарға және барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Баршаңызды көктемгі мерекелермен құттықтаймыз!