2024 жылдың желтоқсан айының 10 жұлдызында сағат 10.00-де Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде Қоғамдық денсаулық сақтау, Нутрициология және АИТВ-жұқпасы және ИБ курсы бар эпидемиология кафедрасының ПОҚ, Қоғамдық денсаулық сақтау 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен ҚазҰМУ-ң «Тәуелсіздік тұғырым» атты іс шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: Университет студенттерін отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушылары: Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессорлық оқутушылар құрамы: м.ғ.д., профессоры Тогузбаева К.К., Текманова А.К., Құсайынова Э.И., Т.Шарманов атындағы Нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қожахметова А.Н., АИТВ жұқпасы және ИБ курсы бар эпидемиология кафедрасының профессор ассистенті Ж.Б.Бейсенбинова. Қатысушылар кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын екенін және еліміздің ертеңі, тәуелсіз жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында екенін айтып, осы жастардың Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасыуына өз үлестерін қосатынына кәміл сенетіндіктерін білдірді.
Осы іс шараны ұйымдастырып және белсенді ат салысқан Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3 курс студенттері мен талантты да, дарынды жастар өз өнерлерін көрсетіп мерекелік іс-шараны шарықтатып, асқақтатып және барлық қатысушыларды бір серпілтіп тастады.
Болашақта жастарға білім берумен қатар, олардың бойындағы табиғи таланттар мен қабілеттерін ашып, еліміздің болашағы жолында аянбай еңбек ететін талапшыл тұлғалардың қатарын көбейту басты назарда.
Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың қолында!