“Коронавирустық инфекцияның симптомдары, сонымен қатар коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер мен алдын алу шаралары” атты тақырыпта доценттер мен лекторлар А. И. Анамбаева, Г. А. Бегимбетова, Л. Ж. Темірбаева, М. И. Кеңесаринаның ұйымдастыруымен оқыту семинары
19.02. 2020 жылы №118 аудиторияда ректорат ғимаратында “Коронавирустық инфекцияның белгілері, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі алдын алу және іс-қимыл шаралары”тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының жұқпалы аурулар эпидемиология және иммунопрофилактика бөлімінің басшысы Смагул Манар Асыровнаның қатысуымен өткізілді.
Соvid-19 жаңа коронавирустық инфекция кезінде медициналық көмек көрсету кезеңдерінде эпидемиология, диагностика және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмі мәселелері талқыланды. 19.02.20 ж. жаңа коронавирустық инфекциялар (Covid-19) бойынша әлемнің әртүрлі елдері бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. Жаңа Covid-19 инфекциясына күдікті кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені: жаңа коронавирустық инфекция 2019-nCoV (Covid-19) анықталған кезде санитариялық-профилактикалық және санитарилық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша алгоритмдер. Науқастардың мәйіттерін тасымалдау және ашу алгоритмі және КВИ-ге күдікті.
Оқыту семинарға “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Мейірбике ісі”, “Жалпы медицина”мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты.