«Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасында ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында «Биоэтика» пәні бойынша «Тұрақты даму мақсатында халықаралық биоэтика стандарттарын сақтау» тақырыбында олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты студенттердің биоэтика саласындағы білім деңгейін арттыру, халықаралық биоэтикалық стандарттар туралы түсінігін қалыптастыру, сондай-ақ биоэтикалық жағдайларды талдау және шешу дағдыларын дамыту болды.
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуге жауапты болғандар: кафедра меңгерушісі Аймаханова А.Ш., кафедра лекторы Мартыкенова Д.С. және кафедра ассистенті Асыкбаева Л.П.
Олимпиада топтық жұмыс форматында өткізілді және үш тур бойынша ұйымдастырылды. Олимпиада барысында қатысушылар биоэтика бойынша ситуациялық тапсырмаларды шешу, тест тапсырмаларын орындау, сондай-ақ мәтіндегі биоэтикаға қатысты қателерді анықтау тапсырмаларын орындады. Барлық турлар халықаралық биоэтика стандарттары бойынша білімдерін, академиялық адалдық қағидаларын және биоэтикалық нормаларды практикада қолдану дағдыларын тексеруге бағытталды.
Олимпиадаға келесі топтар қатысты: М23-012к, М23-063р, М23-046к, М23-011к, М23-020к.
Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – М23-012к тобы;
II орын – М23-063р тобы;
III орын – М23-012к тобы.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды. Сертификаттарға «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасының меңгерушісі Аймаханова А.Ш. және Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Кожекенова Ж.А. қол қойды.
Олимпиаданы өткізу студенттердің биоэтика мәселелеріне қызығушылығын арттыруға, академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыруға, ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық биоэтикалық стандарттарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта кафедра студенттердің ғылыми ойлауын, биоэтикалық мәдениетін және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.




