Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы

Медициналық құқық кафедрасында “Фемида” атты студенттік ғылыми үйірме құрылып, жұмыс істейді, үйірменің ғылыми жетекшісі қауымдастырылған профессор, заң ғылымдарының кандидаты Э. Б. Иембердиева болып табылады.

“Фемида” студенттік ғылыми үйірмесі ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын игеруге ниет білдірген және осындай қызметті оқумен сәтті ұштастырған студенттердің ерікті ұйымы болып табылады.

Студенттік ғылыми үйірме жұмысының негізгі мақсаттары ғылыми дербестікті дамыту, оқыту процесінде алынған білімді тереңдету және бекіту болып табылады.

Студенттік ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:

  • студенттердің ғылыми іс-шараларды өткізуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
  • құқықтану саласындағы ситуациялық міндеттерді өз бетінше шешудің әдістемесі мен тәсілдерін және ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларын оқыту.

Қатысушылар саны-30 студент.

Білім алушылардың қатысуымен өзекті тақырыптар бойынша конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіледі:

  • “Академиялық адалдық принципі қазіргі университет қызметінің негізі ретінде”.
  • “Заң және құқық тәртібі”.