2025 жылдың 5 маусымында Алматы қаласының Республикалық жоғары медициналық колледжінде ANaMed Forum – New Generation 2025 форумы аясында профессор А.Р. Чокин 100 жылдығына арналған «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі қоғамдық денсаулық» халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияның бір бөлігі ретінде «Мейіргерлік білім: болашақ көшбасшыларды дайындау» секциясы өтті. Секция жұмысын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов және кафедра оқытушылары, сонымен қатар медицина ғылымдарының кандидаты, Республикалық жоғары медициналық колледжінің бас директоры Рузденова Наиля Бексаутовна
және колледж оқытушылары ұйымдастырды.
Іс-шараға әртүрлі елдерден, соның ішінде Қазақстаннан мейіргер ісі бойынша білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Мәртебелі меймандар қатарында Нагоя университетінің профессоры, PhD докторы Юкари Такено (Жапония), Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мейіргер ісі академиясының ректоры Насырова Рано Рахимовна, Ташкент медицина академиясының қоғамдық денсаулық сақтау мектебі кафедрасының доценті Уразалиева Ильмира Равкаева, сондай-ақ Дильмира Равкаева Дилибоева және Нагоя университетінен келген қонақтар болды.
Секцияға барлығы 117 адам қатысты. Оның ішінде 66 қатысушы білім беру ұйымдарынан (колледждер мен жоғары оқу орындарынан), 25 практикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан мамандар, сондай-ақ онлайн форматта 99 адам. Спикер саны 26 болды (оның 16-сы желіден тыс, 10-ы желіде).
Секцияда мейіргерлік білім беруді жаңғыртудың өзекті мәселелері, болашақ мейіргерлердің көшбасшылық құзыреттіліктерін дамыту, халықаралық стандарттарды клиникалық тәжірибеге енгізу, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мейіргер персоналының рөлі талқыланды.
«Мейіргер ісі бойынша білім: болашақ көшбасшыларды дайындау» секциясы кәсіби тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және мейіргерлік персоналды оқытудың жаңа, заманауи тәсілдерін қарастыру үшін маңызды диалог алаңына айналды.