“Қоғамдық денсаулық сақтау”кафедрасы ПОҚ халықаралық академиялық ұтқырлығы

06.05.2024 ж. – 13.05.2024 ж. аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының профессоры м. ғ. д., Тоғызбаева Қарлығаш Қабдешқызы «Халықаралық жоғары медицина мектебінің» профессорлық-оқытушылар құрамына гигиена мен қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі бөлімдері бойынша 36 сағат көлемінде мастер-класстар мен тренингтер өткізді.

13.05.2024 ж. – 19.05.2024 жыл аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде КЕАҚ С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті Текманова Айнұр Құмарбекқызы мен лектор Құсайынова Эльмира Ізбасарқызы «Халықаралық жоғары медицина мектебінің» қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының жас оқытушыларымен білім алушылары арасында 36 сағат көлемінде «Гигиена және қоршаған орта» түрлі бөлімдері бойынша мастер-класстар мен тренингтер өткізіп,дәрістер оқыды.

Негізгі тақырып: радиоактивтіліктің физикалық негіздері; табиғи және жасанды радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар, радиацияның радиоэкологиясы мен физикалық табиғатының жалпы мәселелері, радиациялық қауіпті объектілердің сипаттамас, иондаушы сәулелену дозаларының сипаттамасы, дозиметрия, сәулелену дозаларының түрлері және олардың өлшем бірліктері, радиоэкологиялық қауіпсіздік негіздері, организмдердің радио сезімталдығы, радиациялық қауіпсіздіктің халықаралық қағидаттары және радиациялық қорғаудың негізгі талаптары.

Халықаралық Жоғары Медицина Мектебінің басшылығы ректор С.М. Ахунбаев профессор Тоғызбаева Қарлығаш Қабдешқызына, доцент Текманова Айнұр Құмарбекқызына және лектор Құсайынова Эльмира Ізбасарқызына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.


“С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті” КЕАҚ және Әбу Әли Ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты арасындағы профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық келісімі шеңберінде доценттер Аликеева Г.М., Шахиева А.М. және ассистент Хайруллаева Н.З. 2024 жылғы 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында “Жалпы гигиена” кафедрасына шақырылды.

Қазіргі жағдайдағы гигиенаның өзекті мәселелері, Жаһандық экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары бойынша дәрістер, мастер-класстар, емдеу және медициналық-профилактикалық факультеттер топтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып практикалық сабақтар өткізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы қызметкерлерінің Бұхара мемлекеттік университетінің ректоры Шухрат Жұмаевич Тешаевпен кездесулері өтті, студенттердің академиялық ұтқырлығы тұрғысынан өзара алмасу перспективалары талқыланды.

“Қоғамдық денсаулық сақтау” кафедрасының қызметкерлері барлық мамандықтағы студенттерді оқытуға арналған Бұхара мемлекеттік медицина институтының заманауи практикалық дағдылар орталығымен танысты.

Академиялық ұтқырлықты аяқтағаннан кейін доцент Г. М. Аликееваға, А.М. Шахиеваға, ассистент Н. З. Хайруллаеваға сертификаттар табысталды.