Медициналық-профилактикалық факультеті

Санитарлық-гигиеналық факультет Қазақ мемлекеттік медициналық институтында (ҚазММИ) 1943 жылдың 14 мамырында КСРО ДХК №234 бұйрығының негізінде ашылған еді. 2004 жылы факультеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен (12.10.2004 ж. №2 хаттама) «гигиена және эпидемиология» мамандығы «медициналық-профилактикалық іс» деп өзгертілуіне байланысты факультеттің аты медициналық-профилактикалық деп аталады. Қазіргі уақытта медициналық-профилактикалық факультетінің құрамына «медициналық-профилактикалық» мамандығымен қатар «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы да кіреді. Оқыту бакалавриат бағдарламасымен жүреді, оқу мерзімі – 5 жыл. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының 28.08.2007 жылғы №23 бұйрығына сәйкес медициналық-профилактикалық факультеттің құрамына келесі кафедралар кіреді:

1.Нутрициология кафедрасы. Кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., академик Шарманов Т. Ш.

2. Коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы курсымен бірге. Кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Неменко Б.А. Курс меңгерушісі м.ғ.д., профессор Тоғызбаева Қ.Қ.

3.Жалпы гигиена және экология кафедрасы. Кафедра меңгерушісі-м.ғ.д., профессор Кенесариев У.И. Кафедраның негізгі ғылыми бағыты – қоршаған орта және халық денсаулығы. Кафедра бірнеше рет ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР ҰҒА- ның мемлекттік және басқа жеке меншік пен мемлекеттік серіктестердің тапсырыстары бойынша ҒЗЖ орындады.

4.Эпидемиология кафедрасы тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсымен. Кафедра меңгерушісі – м.ғ.д., профессор Амиреев С.А. Курс меңгерушісі – доцент Щурин В.А.

5.

Сапалы білім қызмет көрсету мақсатында дүниежүзілік стандарттарына сәйкес факультеттің алдына қойған міндеттері:

1.Еңбек нарығына сәйкес білім беру құрылымын жақсарту: «қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриаты 3-5 курс әрбір студенттердің жеке білім алу траекториясын жоспарлау, кредитті технологияны ендіру; мәселе бойынша шешім қабылдау элементтерін өңдеу, ендіру; оқу үрдісінің ақппараттық қамтамасыз етуін модернизациялау есебінен ақппараттық коммуникациялық технологияны дамыту; диплом алды және дипломнан кейінгі дайындық білім беру диверсификациясын дамыту.

2.Факультеттің материалдық техникалық базасын жетілдіру: қаржылық құралдарды студенттерді оқытуға кететін қаражат қолдана отырып, факультет өзінің жұмысын өткізуі; барлық жұмыс орындарының компьютернизациялануы; МПФ барлық кафедраларына жаңа оқу компьютерлік сыныптармен қамтамасыз етуі, интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ету; қазіргі заман талаптарына сай оқу бағдарламасымен қамтамасыз ету; деканаттың штаттық кестесін 4 мөлшерге дейін ұлғайту, деканның оқу әдістемелік жөнінен орынбасары, ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, тәрбие ісі жөнінде орынбасары.

3. Әлеуметтік серіктестермен ара қатынасты нығайту: серіктестіктің мүмкіндіктерін жаңа серіктестіктерді қызықтыру есебінен жоғарлату, қазіргі кезде серіктестер: Алматы қаласының СЭҚБ, Алматы қалалық РСЭС, ЖИТСке қарсы күресу орталығы, «Дезинфекциялық станция», ҚР тағам академиясы, биотехнология ҒО (Астана қаласы), НЦФЗОЖ, НЦГЭ, НЦК және ЗИ.

4.ПОҚ құрамын инттелектуалды дамыту: бір ойшылдағы қоғамның кәсіби құрылымы, декан қадағалауымен факультеттің ПОҚ штатын құру, жас педагоктар мектебін құру, ФПК, ФУВ, шетелдік стажировканың желілік факультет жоспарын құру, жаңа қондырғылар мен үрдістердің ПОҚ мамандандыру, биостатистика, дәлелдік медицина секілді жаңа пәндерден ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау; эпидемиология кафедра базасында биостатистика орталығын және дәлелдік медицина оқыту орталығын ҚР медициналық кадрларын дайындауды жетілдіру, ФПК, ФУВ өткен ПОҚ міндетті түрде үйрету семинарларын талап ету, кафедрада тьюторлар мен факультет эдвайзерлерін даярлау; басылым қызметін белсендіру; кураторлық қызметті белсендіру; «ЖОО ең үздік оқытушысы» конкурсына ПОҚ қатысуы; ағылшын тілі кафедрасы базасында, ағылшын тілін үйрету орталығын ашу; кафедра меңгерушісі, факультет басшыларының қызметіне резервті мамандарды даярлау.

5. Гигиеналық ғылымын дамыту: университеттік гигиеналық мектептің халықаралық деңгейде ұйымдастырылуы, экспертті зерттеуде қатысу, фундаментальді және қолданбалы зерттеудің мемлекеттік тапсырысын орындау, медициналық, экологиялық бағдарламаның мемлекеттік және бөлім тапсырысының орындалуы, кафедраның лабораторлы қондырғыларын модернизациялау, GLP лабораторлы тәжірибесін енгізу, GSP ғылыми тәжірибесін халықаралық стандартқа сай ендіру, кандидат, ғылым докторларын, магистр, PhD докторларын даярлау, халықаралық алмасу, ПОҚ халықаралық ғылыми форумға қатысуы, әлеуметтік серіктестіктермен медициналық экологиялық бағдарламаны өңдеу.

6.Халықаралық серіктестікті жетілдіру: білім, тәжірибелік, қызметтегі жолдарын гармонизациялау, шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО мен келісім шартқа отыру, шетелдік ЖОО мен студенттермен, магистрлермен, докторлармен алмасу, ғылыми шетелдік басылымдарға жазылу, Халықаралық ғылыми және оқу проектеріне қатысу.

7.Студенттердің кәсіби шеберлікке баулитын мотивацияны өңдеу: студенттік деканат құру; білім алушылардың кәсіби мамандығын таңдау; үздік студенттерге оқу қаражатынан жеңілдіктер жасау; үздік және жақсы оқитын студенттерді жатақханаға ұсыну; студенттік профсоюзбен тығыз қатынас орнату; озат студенттерге туристтік жолсапарларға, тренажер залдарына абонементтер бөлу; «Жыл студенті» конкурсын пәндік олимпиада нәтижелері бойынша ұйымдастыру; ғылыми тақырыптық конференциялар ұйымдастыру; СӨЖ толтыру; санитарлық ағарту дәрістері, парақтары, санбюллетень түрлерінде; бітірушілерді, жұмысқа орналастыруға көмек беру.

2008 жылдың қазан айынан бастап медициналық-профилактикалық факультетінің деканы болып м.ғ.д., профессор А.И.Саттаров тағайындалды. Жыл сайын медициналық-профилактикалық факультетінде 800 аса студент білім алады. Барлық оқу-әдістемелік жұмыс ОӘК бақылауымен, ал басшылық факультет Кеңесінің басшылығымен жүргізіледі. Оқу үрдісін бақылауды м.ғ.д., профессор А.И.Саттаровтың басшылығымен деканат қызметкерлері іске асырады.

Факультет құрамы

Деканат жұмыстарын декан орынбасары Мұқашева Марал Сакенқызы жүзеге асыруда.

Медициналық-профилактикалық факультет деканаты құрамы 5 адамнан тұрады:

Медициналық-профилактикалық факультет деканы м.ғ.д., А.И.Саттаров

Медициналық-профилактикалық факультетінің оқу ісі бойынша декан орынбасары М.С.Мұқашева

Медициналық-профилактикалық факультетінің тәрбие ісі бойынша декан орынбасары А.А.Абирова

Хатшы: А.С.Жантасова, М.Б.Мамырқұл

clip_image002[4]

Медициналық-профикалық факультетінің деканы м.ғ.д.,

Саттаров Адильгерей Икрамович

Медициналық-профилактикалық факультет деканатында Ғылыми кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына 13 адам кіреді. Факультет кеңесінің жылдық жоспары бойынша Ғылыми кеңестің мәжілісі ай сайын өткізіліп тұрады. Медициналық-профилактикалық факультет Ғылыми кеңесінің төрағасы м.ғ.д., А.И.Саттаров

Деканат жұмысы ҚР БҒМ және РҚ ДМ-нің бұйрығы мен ережелеріне, ҚазҰМУ-дің факультет және деканат туралы ережелеріне, деканатта атқарылатын жұмыс жоспары, қызметтік және атқарылатын жұмыстардың нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Деканаттың жоспар бойынша өтетін мәжілісінде кафедралардың жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселелер; студенттердің оқу үлгерімі және сабаққа қатысуы; сынақ-емтихан нәтижелері мен талдаулары; оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми-зерттеу; студенттердің тұрмыс-тіршілігіне және демалуына жасалған жағдайлар; студенттерді жатақханаға орналастыру, кураторлық және тәлімгерлік жұмыстар және т.б. талданады. Деканат қызметкерлері сабақты босатқан және үлгерімі нашар студенттермен үнемі жұмыс жүргізіп, себептерін анықтайды. Тәртіп бұзушылық жөнінде қабылданған шешімдер кафедра қызметкерлері мен студенттерге дер кезінде жеткізіліп тұрады.

Факультет оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын қажетті көлемде жүргізеді. Оқу үрдісіне оқытудың жаңа әдістері белсенді түрде енгізіледі. Оқытушылар оқу-әдістемелік материалдарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындайды; осыған арналған оқулықтар сатылып алынған. Жыл сайын факультет студенттері алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚазҰМУ-дің ҒЗЖ жоспары бойынша жүргізіледі. Медициналық-профилактикалық факультет кафедраларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, ғылым докторларын, кандидаттарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тәрбие жұмысын деканат, сонымен қатар факультет кафедраларында ҚазҰМУ-дің ОӘжТЖ бойынша проректоры бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Медициналық-профилактикалық факультетінің 1-6 курс студенттері, сонымен қатар жатақханаларда тұратын студенттерге тәлім беріледі. Алыстан келген және шетел студенттері жатақханамен жазған өтініштері бойынша қамтамасыз етіледі. Жыл сайын декан және декан орынбасарлары студеттерді университетіміздің Жарғысымен, студентердің құқықтары және міндеттерімен, жатақханада тұру ережелерімен, қолданыстағы бұйрықтар және нұсқаулармен таныстырады.

Медициналық-профилактикалық факультетінің студенттері университет, қала, республика көлемінде өткен спорттық жарыстарға, спартакиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар студенттер спорт секцияларына (волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, бодибилдинг) қатысады, осы үйірмелерге қатысу арқылы студенттер денелерін шынықтырып, өздерін жеке тұлға ретінде танытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар біршама жетістіктерге жетіп отырады.

Факультет студенттері КТК-ға, спартакиадаларға, әр түрлі конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Факультет қызметкерлері экология, туберкулез мәселелері бойынша ғылыми бағдарлама жасауға белсенді түрде араласып жүр.

Медициналық-профилактикалық факультетінің мекен-жайы:

2010-2011 оқу жылындағы факультет кафедраларының жетістіктері:

  • Жоспарға сәйкес барлық іс шаралар толық көлемді орындалды.
  • ТМД және ҚР ең алғаш, медициналық ЖОО жоғары курс студенттерін және тәжірибиелік дәрігерлерді иммунопрофилактика мен егу жұмыстарын ұйымдастыруға дайындайтын «Вакцинология мектебі» ашылды.
  • Профессор және оқытушылар құрамы халықаралық конгресс және Италия (Риммини қ-сы), Өзбекстанда (Ташкент қ-сы), Қырғызтан (Бішкек қ-сы) мемлекеттерінде конференцияға және ҚазҰМУ 80-жылдығына арналған конференцияға белсенді атсалысты.

2011ж. қазанда өткізілетін ислам конференциясын ұйымдастыруға және Мемлекеттердің денсалық сақтау министрлерінің кездесуіне, Астаналық декларацияға жоба дайындауға қатысты.

  • Тұрғындар денсаулығының қауіптілігін бағалау экологиялық зертханасын ұйымдастыру
  • Шетел және Орталық Азия медицина ЖОО орталықтарымен бірігіп Халықаралық Темпус жобасын дайындау. Орталық Азия мемлекеттері медициналық ЖОО еңбек гигиенасы кафедраларында еңбекшілердің қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау орталықтары ұйымдастырылу қарастырылуда.
  • ҚР Қызыл жарты ай ұйымы және Нидерландияның Қызыл крест қоғамдық бірлестігімен бірігіп Алматы қаласының ауа бассейнінің ластануының әсер етуін шешуді қаржыландыруға халықаралық грант жеңіп алынды. Факультеттің жұмыстарының қорытындысына қарай дифференциялды ақыны 20 қызметкер жеңіп алды.
  • Армян Мемлекеттік медицина университетімен, Еуропалық жаратылыстану ғылыми академиясымен, Қырғыз халқаралық Университетімен ғылым-оқу бойынша әріптестік келісім шарт жасалынды.
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша “Қартаюға қарсы” ҒТЖ “қартаю мәселелерінің гигиеналы аспектілері” бөлімі, коммуналдық гигиена кафедрасы.
  • 3 курс студенттері 100% МАБ тапсырды.
  • Барлық кафедралар ішкі және сыртқы аудитті жақсы өтті.
  • ҚазҰМУ Ғылыми шешімімен еңбек гигиена курсы кафедраға ауыстырылды.

Жаңа оқу жылында алға қойған міндеттер

  • МСЭҚДБ және басқа да ғылыми және оқу-тәжірибелік бағытта қызығушы жақтармен ынтымақтастықты дамыту.
  • Жаңа оқу жылында студенттердің оқу траекториясын, электив пәндерін және оқыту бағдарламалары туралы білім алушыларға кеңес беруде маңызды рөл атқаратын факультеттің эдвайзерлер қызметінің жұмысын жақсартуға көп көңіл бөлу.
  • факультетте курстар бойынша құзіреттіліктерді бағалау
  • білім беру сапасын, ПОҚ арасынан тәуелсіз бақылаушылар бірлестігін құру.
  • «қоғамдық денсаулық сақтау» және «медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша оқу программаларын Дублиндік дескрипторға, Еуропалық квалификация шегінде өндеп, толықтыру.
  • МСЭҚДБ және басқа да ғылыми және оқу-тәжірибелік бағытта қызығушы жақтармен ынтымақтастықты дамыту.
  • Медициналық-профилактикалық бағыт бойынша тәжірибиелік дағдылар орталығын ұйымдастыру.
  • «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавриат мамандығында оқитын студенттерде обьективті құрылымдық тәжірибиелік емтиханды ұйымдастыру және өткізу.
  • Орта мектеп оқушыларын мамандыққа бағыттау жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Инновациялық сауаттылықты жоғарылату бойынша семинарлар өткізу.
  • Білім беру және оқушылардың білім деңгейін тексеруге арналған тесттер жүйесін жақсарту.
  • Ғылыми-тәжірибиелік конференцияларға және семинарларға қатысу.
  • Профессор, оқытушылар құрамын және жас ғалымдарды халықаралық және ұлттық грантпен қаржыландырыланатын ғылыми жобаларға қатысуын ұйымдастыру.
  • ҒЗЖ 20% кем емес студенттер және 40% кем емес жас оқытушыларды жұмылдыру
  • Ғылыми зерттеу жұмыстардың қорытындыларын оқыту жүйесіне енгізу.
  • Шетелдік Білім беру, қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми орталықтармен серіктестік құру.
  • Факультет студенттеріне мастер-кластар мен дәрістер оқу үшін визитинг-профессорларды баулу.
  • ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен тығыз қарым-қатынас жасау, қысқы және жазғы мектептерге қатысу;
  • Студенттердің мотивациясын қалыптастыру бойынша іс шаралар жүргізу: мамандыққа бағыттау, оқуға төлемақы төлеу кезінде жеңілдіктер беру, әлеуметтік жағдайларына қарай және оқудағы үлгеріміне қарай жатақханамен қамтамасыз ету, студенттіс қоғамдық ұйыммен тығыз байланыс, әр жыл сайын «Үздік Түлек» байқауын өткізу, жұмыспен қамтамасыз етуге көмек көрсету және т.б.
  • факультет құрамына салалас: жұқпалы аурулар, микробиология, қоғамдық денсаулық сақтау т.б. кафедраларды қайтаруды Ғылыми Кеңеске ұсыну.

Алматы қаласы, Төле би көшесі 88. тел: 8(727)92-69-69, ішкі 128, 141;

e-mail:[email protected]