2024 жылы қазанның 24 жұлдызында Х.Досмухаммедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының ұйымдастыруымен университет аясында Республика күніне арналған «Көрікті Қазақстаным» атты кітап көрмесі өткізілді
Шара қоғамдық денсаулық сақтау және медико-профилактикалық іс мамандығының 2,4 курс студенттері арасында ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап өткендей: «Республика күні – еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. “Республика күні еліміздің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналуы тиіс. Республика күні – Тәуелсіздігіміздің жаршысы, тарихи оқиғаның белгісі. Сондықтан біз үшін бұл мереке тарихи күнді, тәуелсіз елдің қалыптасуының символына айналған ұлттық рухтың Жандану сәтін еске түсіретін ерекше мәнге ие”.
Бұл шараның мақсаты: Қазақстанның егемендігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелгені туралы Қазақстан Республикасының кезеңдерінің тарихымен таныстыру болды.
Кітапхана мерзімді басылымдар мен баспа басылымдарын ашық қарауға дайындалып, кітап көрмесі рәсімделді. Анықтама-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Елеукенова С.А. ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.
Шараны Х. Досмухаммедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің деканы А.Н. Нұрбақыт – Еліміздің тарихы туралы мәлімет берумен ашып берді. Қорытындылай келе С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Тәрбие бөлім» басшысы Ж.Ә.Байгараев жастардың біздің Еліміздегі алатын орны мен Еліміздің тарихының маңыздылығын айқындап ашып берді.
Мереке концерттік бағдарламамен аяқталды.