07.02.2020 жылы № 113 аудиторияда сағат 14.00-де университетіміздің әлеуметтік тәрбие жұмысының кешенді жоспары бойынша, жастар арасында әлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу іс-шараларын өткізу негізінде ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің аясында профилактикалық медицина курсының «Жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге профилактикалық медицина курсының ПОҚ құрамы және ҚДС мектебінің деканы К.Б.Карибаев.,декан орынбасары Р.Т.Тагирова.,тәрбие жұмысының бөлім басшысы Б.С.Төлеутаев,.қауіпсіздік тобының компланс офицері Б.Е.Тельтаев және ҚДС мамандығының 4 ,1 курс студенттері қатысты. Шараны «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің деканы К.Б.Карибаев ашып берді. Ол өз сөзінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел отырысы “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі” тақырыбындағы презентациясымен жалғасты. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР Заңдарының негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер қарастырылды. Студенттер мен шараның қонақтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қалыптастыру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
Қорытынды сөзді профилактикалық медицина курсының меңгерушісі м. ғ. д., профессор. К. К. Тогузбаева алды. Профессор
«Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!»
Қоғамның қабілеттілігі оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш жігері қажет-деп өз сөзін аяқтады. Шараның соңында 4 курс студенттері күй толғаумен аяқтады.