2022 ж. 17-21 қазанда С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі, Қожекенова Жанат Әсетқызы оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында "Мейіргер ісін ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша 1 курс магистранттарына "Мейіргер ісіндегі қоғамдық денсаулық сақтауды зерделеу және бағалау" пәні бойынша 42 сағат көлемінде Ташкент медициналық академиясында
(ТМА) дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізді. Сапар Ташкент медицина академиясында оның құрылғанына 100 жыл толу мерейтойымен тұспа – тұс келді! Мерейтойға орай қоғамдық денсаулық мектебінің директоры, профессор Б.М. Маматқұловпен және "Қоғамдық денсаулық және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі Г. М. Худайкуловамен бірлесіп "Реформалар дәуіріндегі Өзбекстан мен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйелері" тақырыбында интегралды
дәріс ұйымдастырылды. 2022 жылғы 19 қазанда Ж. А. Кожекенова Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтына "Қоғамдық денсаулық, денсаулық сақтау және дене шынықтыру" кафедрасына шақырылып, стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне қонақ дәріс оқыды.