«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» курсы 2011 жылдың қаңтарында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да құрылды. 2011 жылдың науырызы мен 2016 жылдың маусым айлары аралығында ҚазҰМУ-дың Дипломнан кейінгі даярлық институтында курс өз жұмысын жүргізді.Курстың мамандық саласы бойынша оқыту процестері дипломға дейінгі және кейінгі деңгейлерде жүргізіледі. АИВ-инфекциясына қатысты сұрақтардан басқа, медициналық көмек алу барысында туындайтын жұқпаларға байланысты инфекциялық бақылау мәселелері бойынша да оқыту жүргізіледі.
«АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау» курсының оқыту процесінің негізі болып, білім беру жөніндегі ЮНЕСКО концепциясы: « адамдардың білімін жетілдіру, қарым-қатынасты жақсарту, өмірге деген көзқарасты өзгерту». Осған орай, 21-ғасырдың сұранысына байланысты, 21-ғасырдың спецификалық тақырыбы және негізгі құралдары бойынша инновациялық және әлеуметтік дағдыларын, технологияны меңгеру, білімді жетілдіру қажеттігі туындап отырғаны ескеріліп отыр.
Курс жетекшісінің ағылшын тілін еркін де жетік меңгеруі, АИВ-инфекциясы және инфекциялық бақылау мәселелері бойынша оқыту материалдарын, құралдарын әлемдік ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріп отыруына зор ықпалын тигізеді. Курста тәжірибелік сабақ өткізу кезінде оқыту материалдарын жақсы қабылдау, есте сақтау және қолдануға ұсынылған инновациялық педогогикалық тәжірибе қолданылады.
Дәстүрлік әдістен басқа, курста оқытудың түрлі инновациялық түрлері қолданылады: клиникалық талдаулар, жағдайлық есептерді шешу, рөлдік ойындар, кіші топтпарда талдаулар, «миға шабуыл», семинарлық тақырыптық конференциялар, PowerPoint форматында презентациялар даярлау, «зерттеу арқылы оқыту», оқытуға арналған видеофильмдарды көріп талдау. Жұмыс барысында курс оқытушыларықұрастырған материалдар да қолданылады. Атап айтсақ: Стоматологиядағы АИВ-инфекциясының алдын алу, қазақ және орыс тілдеріндегі оқу құралы, Алматы, 2010; АИВ-инфекциясы: клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары, қазақ және орыс тілдеріндегі оқу құралы, Алматы, 2010; «АИВ-инфекциясы» оқу құралы, Алматы, 2014 ж., 234б; DVD форматындағы жаңа оқыту бағдарламасы “Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық қондырғылармен байланысты инфекциялардың алдын алу», 2013 ж.
Курс жетекшісі, м.ғ.н.,проф.,Нугманова Ж.С. 87776980879, [email protected], АГМИ (бүгінгі ҚазҰМУ) емдеу факультетін 1972 жылы өте жақсы бітірген, осы кісінің жетекшілігімен 2 докторлық және 12 кандидаттых диссертация қорғалған, рецензияланған импакт – фактормен журналдардағы статьяларын қоса алғанда 200-ден аса жарық көрген жұмыстары, монографиялары бар.
Халықаралық ұйымдармен көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар, ағылшын тідінде еркін сөйлейді, осы тілде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізеді. Денсаулықсақтау мененджменті, эпидемиология, АИВ-инфекциясы, инфекциялық бақылау сұрақтары бойынша бірнеше рет шет елдерде тәжірибе жинап, қашықтан оқыту арқылы білімін жетілдірген.
Нугманова Ж.С. UNICEF кеңесшісі, Орталық Азия медициналық қызметкерлері үшін АИВ және ЖИТС сұрақтары бойынша Аймақтық қашықтан оқыту бағдарламасының тьюторы, UNODC кеңесшісі болған. Қазақстандағы тұрмысы нашар отбасындағы жасөспірімдер мен балаларға көмек беру мақсатымен, Қазақстан үкіметінің, АҚШ пен Швейцария Конфедерациясы келісімімен және Дүниежүзілік банктің қолдауымен құрылған «Бота» Қоғамдық қорының төрайымы болды.
Проф. Нугманова Ж.С. -қазіргі таңда ЖИТС Халықаралық қоғамының (International AIDS Society) мүшесі, ТашМИ 2 құрметті профессоры.
Жоғарға оқу орны бөлген грант бойынша орындалатын төмендегі ғылыми жұмыстардың жетекшісі:
1. ЖООГ ЖТЖ «Әлеуметтік маңызды гемоконтактілік жұқпалар», 2013 ж.
2. ЖООГ ЖТЖ «Алматы қаласындағы АИВ, АИВ/ВГС, АИВ/ТБ жұқпаларының эпидемиологиялық және клиникалық ерекшеліктері», 2015 ж.
3. ЖООГ ЖТЖ «АИВ-инфекциясы кезіндегі жедел қартаю патогенезіндегі адаптивті иммунитеттің альтерациясы және созылмалы қабыну процестерінің рөлі» 2016 ж.
4. 2016 жылдан бастап NYS ITRP жобасының координаторы, грант МФФ, НИЗ.
Халықаралық ұйымдармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі:
• С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен Нью-Йорк штатының Олбанидегі қоғамдық денсаулық сақтау мектебімен бірлесіп жұмыс жасауға келісім шарты;
• С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен Қырғызстан Республикасының Медициналық кадрларды қайта даярлау институты, Тәжікстан Республикасының Отбасылық медицина орталығы және Ташкенттің дәрігерлердің білімін жетілдіру институттары арасындағы GIZ қолдауымен, қашықтан оқыту бойынша бірлесе жұмыс атқару туралы мемарандумы;
• EUNIDA/GIZ және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арасындағы тұрғындардың осал топтарымен жұмыс және инфекциялық бақылау сұрақтары бойынша келісім шарты; Соңғы жоба аясында Амстердамның медициналық орталығымен профессорлық –оқытушылық құрамы арасында тәжірибе алмасу Голландтық кластер жұмысын жүргізуде.
• Халықаралық кәсіби даярлық бағдарламасы және Нью-Йорк (NYS-ITRP) штатының ғылыми зерттеулері арасындағы серіктестік бойынша келісім шарты;
• США қызметкерлерімен бірге АИВ жұқпасы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде.