1935 жылы Қазақ Медицина Институтында дене тәрбиесі кафедрасы құрылды. Ең алғашқы кафедра меңгерушісі Попова Е.Н. болды, әр жылдары кафедраны басқарғандар: Макаренко Б.Г., Гут А.Г., Сералиев М.С., Иванов И.П., Смирнов В.М., Рябцов Ю.А., Бекболатов Т.С. Кафедра оқытушылары әр спорт түрінен жүз шақты 1, 2, 3 разрядты спортшы, 20-дан аса спорт шеберін және спорт шеберлігіне үміткер спортшыларды дайындады.
Әр жылдары кафедраның мақтаныштарына айналғандар: Ұлттық Олимпиада комитеті орденінің Кавалері, халықаралық дәрежедегі төреші, жеңіл атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Радоснов В.М., ҚР спортына еңбек сіңірген қайраткері, бокстан КСРО спорт шебері Новосельцев В.П., грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жыл спортшысы, Азия ойындарының чемпионы Иманбаев А.Ж.
Қазіргі таңда кафедрада жұмыс жасайтын оқытушылар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Бекболатов Т.С., Азияның үш дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, регбиден ҚР Спорт шебері Кален Ф., ҚР баскетболдан Спорт шебері Рахметова Г.Н., ҚР волейболдан Спорт шебері Переверзева Н.В., Көркем гимнастикадан Спорт шебері Камбарова А.Ж., Грек-рим күресу бойынша спорт шеберлігіне үміткер Джигарбаев Б.Т., Қол күресінен Спорт шеберлігіне үміткер және самбо Асылхан Б., Үстел теннисінен Спорт шеберлігіне үміткер Буткей С., Футболдан Спорт шеберлігіне үміткер Унтаев Ж.К., КСРО бокстан Спорт шебері Самойленко А.Н., Еркін күрестен Спорт шеберлігіне үміткер Маршалхан А., Баскетболдан Спорт шеберлігіне үміткер Бауыржан Ж., Қазақ күресінен Спорт шеберлігіне үміткер Чинибаев С.Т.
Олимпиада ойындарының қатысушысы, байдарка мен каноэде ескек есуден ХДСШ, Азия Чемпионы Сатубалдин Ж.Ж., Үш дүркін Азия чемпионы, ХДСШ, регбиден ҚР СШ Кален Ф., садақ атудан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Короткий А.П.
Соңғы бес жылда 60-ден аса ғылыми мақала және студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесі мен спорт әсерін үйрету және жаттығу процесін жетілдіруге арналған екі оқу құралы басып шығарылды.
Кафедраның негізгі бағыттары: ҚР халықтарының физикалық дайындығын тексеру барысында Президенттік тестке дайындау, спорт және дене тәрбиесі құралдарымен студенттерді сауықтыру.
Жалпы айтқанда, кафедра жұмысы студенттерді салауатты өмір салтымен таныстыру, спорт және дене тәрбиесінің құралдарымен денсаулықты нығайту және сақтау, әдістемелік және ғылыми жұмыстар жүргізу, болашақ дәрігерлердің кәсіби-қолданбалы дайындығын жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі таңда, дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы – бұл спорт және дене тәрбиесі саласы бойынша арнайы мамандар және үлкен шығармашылық ұйымшыл әлеует.