2025 жылдың 16 қазанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы және ҚазҰМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Экология және біз» атты экологиялық-ағартушылық бағыттағы ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Кожекенова Жанат Асетовнаның қатысуымен өтті.
Кездесудің басты мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері туралы түсінікті тереңдету болды.
Іс-шара барысында ауа ластануы, экожүйелердің бұзылуы, климаттың өзгеруі мен урбанизацияның экологиялық салдары сияқты өзекті тақырыптар талқыланды. Қатысушылар экологиялық дағдарыстардың алдын алу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіз өмір салтын қалыптастырудың жолдарын ортаға салды.
Кездесуде Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3-курс студенттері өздерінің шығармашылық жобалары мен ғылыми баяндамаларын ұсынды. «Ауа ластануы мен халық денсаулығы», «Экожүйелердің бұзылуы және экологиялық дағдарыстың себептері» және «Қала экологиясы» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасалды.
Экология – адам өмірінің және қоғамдық денсаулықтың маңызды бөлігі екені ерекше атап өтілді. Табиғатты қорғау – тек мемлекеттік емес, әр адамның жеке жауапкершілігі екені айтылды.
Кездесу соңында белсенді қатысушылар сертификаттармен марапатталды.





