Жетістіктер

С.Ж.Асфендияров атындағы КазҰМУ-ң эпидемиология кафедрасы Қоғамдық денсаулық сақтау факультетіндегі шығарушы кафедра болып табылады. Кафедра 1946 жылы санитарлық-гигиеналық факультет негізінде алғаш ашылып, 1946 жылға дейін жұмысатқарды. Бірінші ұйымдастырушы және меңгеруші ( 1946ж-1988ж аралығында) АН КазССР және АМН СССР мүшесі, КазССРеңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Каракулов Ишамбай Каракулович болып табылады. Санитарлық-гигиеналық факультеттің (1964ж.) Қарағанды қаласына ауысуына байланысты кафедра жұқпалы аурулар кафедрасы негізіндегі эпидемиология курсына айналды. 1995 ж курс қайта жеке кафедраға айналып, 18 жылдан аса, медицина ғылымдарының докторы, профессор Амиреев Сакен Амиреевич басқарды. Жаңа 2014 оқу жылынан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Саттаров Адильгирей Икрамович басқаруда.
Қазіргі таңда кафедрада 1 профессор, 5 доцент, 4 аға оқытушы, 4 оқытушы қызмет атқаруды. Кафедра ПОҚ арасында — 5 медицина ғылымдарының докторы, 7 медицина ғылымдарының кандидаты, 5 медицина ғылымының магистрі бар.
Кафедра қызметкерлерімен эпидемиология пәні бойынша бірнеше оқулықтар жарық көрді: Жалпы және жеке эпидемиология 2 том (2002, 2008), «Медициналық паразитология» (2005), «Жұқпалы аурулар оқиғыларының стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері» 2 томда (2007-2011жж.), эпидемиология бойынша қазақ-орыс терминологиялық сөздік, микробиологии и медицинской паразитологии (2011), «Иммунизация на практике» (2014), сонымен қатар басқа да жалпы және жеке эпидемиология бойынша әдістемелік құралдар жасап шығарылды .
Эпидемиология кафедрасымен бірге ҚР ДСМ, НПЦ, КГСЭН санэпид сараптама және мониторинг бірге жұмыс атқарады. Р.Д. Аспетов атындағы «Вакцинология мектебі» өз жұмысын атқаруда, ол жерде тек біздің университет студенттері ғана білім алмайды, сонымен қатар БМСК тәжірибесіндегі дәрігерлер, иммунопрофилактика кабинеттерінің орта буын мамандары және ҚР барлық университеттерінің ПОҚ оқытылады, Орталық -Азия Мемлекеттерінің дәрігерлерін оқыту жоспарлануда.
Кафедра шетелдік атақты эпидемиология саласының мамандарымен тығыз байланыста. И.М.Сеченов атындағы медициналық университет мамандарымен бірлесіп, оқу-тәжірибелік конференциялар белсенді түрде өткізіліп тұрады. 2011 ж кафедрада визитинг бағдарламасы бойынша РАМН, И.М. Сеченов атындағы медициналық университетінің эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессоры Н.И. Брико, сол кафедраның м.ғ.к., доценттері Н.В. Торчинский және Полибин Р.В. СПбГМУ жұқпалы аурулар, эпидемиология және иммунология кафедрасының профессоры Е.Н. Колосовская, АҚШ, Флорида медицина университетінің иммунологиялық және зертханалық патология бөлімінің ассистентті Ph.D. Марко Салеми оқыту бағдарламасымен мастер класс өткізді.
ҚР үшін өзекті орыналатын жұқпалы және паразитарлы ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды нығайту болыпта былады. Бұл сарып, туберкулез, листериоз, пастереллез, эхинококкоз, геморрагиялық қызбалар, вакцинамен бақыланатын инфекциялар (полиомиелит, қызылша, күл, менингитті инфекция, вирусты гепатит А,В және т.б.).
1995 ж кафедраның құрылу кезеңдерінен бастап профессор Амиреева С.А. қоластында 6 докторлық, 20 кандидаттық, 6 магистерлік диссертациялар қорғалды.