«Дұрыс тамақтану – табысты өмірдің кепілі» қалалық семинар

27 қарашада Академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессорлары – Чуенбекова А.Б. және Ушанская Е.Ю. «Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығы» шақыруымен өткен «Дұрыс тамақтану – табысты өмірдің кепілі» атты қалалық семинарға спикер ретінде қатысты.

Семинар барысында олар тек қана дұрыс тамақтанудың заманауи ғылыми тәсілдерін ұсынумен шектелмей, сонымен қатар кең аудитория арасында салауатты тамақтану дағдыларын қалыптастыру идеясын белсенді түрде насихаттады. Әсіресе мектептегі тамақтану мәселелеріне: теңгерімсіз ас мәзірі, балалар рационында тәттілер мен фастфудтың шамадан тыс болуы, сондай-ақ ата-аналар мен педагогтардың салауатты тамақтану қағидалары жөнінде жеткілікті білімінің болмауы сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Спикерлер дұрыс өнімді таңдау мен тамақтану дағдыларын ерте жастан бастап енгізудің – денсаулықтың, сергектіктің және оқу мен күнделікті өмірдегі табыстың кілті екенін атап өтті.

Суретте – «Республикалық жекеменшік білім беру ұйымдары қауымдастығының» төрайымы Роза Шәріпқызы Садықовамен бірге.