Мұқағали Мақатаевты – қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан ақын..!
10 ақпан 2021жылы Зумм платформасында ұйымдастырылған кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, Мұқағали ақынның өмір жолы туралы тың деректер мен видеолар көрсетілді. Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаевтың «Пай – пай өмір», «Отан», «Менің бүгін туған күнім» т.б өлеңдерін «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» мамандығының студенттері шебер оқып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Кешке қатысқан 50-ге жуық Нутрициология, Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары мен студенттер, жастар саясаты басқармасының маманы Жармағанбет Р.У. ұйымдастырушыларға – тәрбие жұмысына жауапты: Қожахметова А.Н., эдвайзер Бейсбекова А.Қ. алғыстарын білдірді.
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!