Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды олимпиада 2018 жылдың 13 сәуір күні №6 аудиторияда сағат 11.00-де Еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсымен нутрициология кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Интеллектуалды олимпиада мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін сақтау мен жарияландыру, жалпы көзқарасты жақсарту, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
«Жалпы медицина» мектебінің 021-2 группа студенттері олимпиада бағдарламасын құрастырды, бағдарлама бойынша олимпиада 4 турдан тұрды: 1. Кім жылдам? 2. Жекпе-жек. 3. Мақал сөздің мәйегі. 4. Бәйге. 3 команда құрылып, әр командада 4 студенттен таңдалып алынды. «Шамшырақ», «Алау», «Болашақ» топтарының қатысушылары өздерінің қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері жайында білімдерінің жоғарылылығын көрсетті.
Жинаған баллдары бойынша «Шамшырақ» тобы 1-ші орынға, «Болашақ» тобы 2-ші орынға және «Алау» тобы 3-ші орынға ие болды. Барлық топ мүшелері дипломдармен, ал белсене атсалысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.