Бағдарлама “Introduction to International Project” (in Republic of Kazakhstan) – Intensive Course organized by the Nippon Foundation Central Asia-Japan Human Resource Development Project бойынша Жапониядан келген делегацияның ҚазҰМУ-ға сапары

 

2024 жылдың наурыз айының 11 және 12 күндері аралығында “Introduction to International Project” (in Republic of Kazakhstan) – Intensive Course organized by the Nippon Foundation Central Asia-Japan Human Resource Development Project, Цукуба, Жапония, ҚазҰМУ-ға Жапониядан келген доктор Kobayashi Yusuke – Tsukuba, Institute of Medicine, Associate Professor, MD, PhD, Insebayeva Nafissa – Tsukuba, NipCA Project researcher, және студенттері Tasaki Ayana, Yuki Mai, Kumakura Midori, Suzuki Honoka – Tsukuba, School of Medicine and Health Science делегациясының сапары аяқталды.

Сапар барысында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университетінің тарих мұражайы мен анатомия мұражайына барып, тарихи мұра туралы көптеген ақпарат пен рухани әсер алды. Сонымен қатар, Б. Атшабарова атындағы геномдық зертхананың және ҚазҰМУ симуляциялық орталығының қызметімен ерекше қызығушылықпен танысты. Сондай-ақ, №4 Қалалық клиникалық ауруханада болып, емхананың құрылымымен және жұмысымен танысты.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін жобаның ғылыми кеңесшісі Инсебаева Нафисса Tsukuba университетінде магистратураны оқыту бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттеріне арналған ақпараттық мәлімет жүргізді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық пен серіктестік туралы тілектерін білдірді.