Дүниежүзілік семіздікке қарсы күрес күні аясында біздің университетте Дене сауылықтыру орталығының ұйымдастыруымен сарапшылар мен белсенді жастарды біріктірген мықты әрі пайдалы мастер-класс өтті!🍏🤸♂️
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысты:
⭐ Ахан Л. А. — Тәрбие жұмысы және студенттік бастамалар орталығының жетекшісі;
⭐ Кожекенова Ж. А. — Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы.
Біз не туралы айттық? Кездесудің негізгі тақырыбы — денсаулыққа саналы түрде қарау. Біз сенімдіміз: артық салмақпен күрес қатаң диетадан емес, дұрыс әдеттер мен қозғалысқа деген сүйіспеншіліктен басталады!
Біздің мақсаттарымыз:
✅ Семіздіктің алдын алу және дұрыс тамақтану принциптерін үйрету.
✅ Студенттер мен оқытушылар арасында салауатты өмір салтын (СӨС) насихаттау.
✅ Мықты әрі қуатты жастар қауымдастығын құру!
Шеберлік сағатында не болды?
Біздің сарапшылар теориядан драйвқа толы практикаға көшті: 🔹 Төзімділік пен координацияны дамыту құпиялары. 🔹 Буын гимнастикасы және күш жаттығуларының техникасы бойынша шеберлік сағаты. 🔹 Тепе-теңдікті сақтауға және метаболизмді жеделдетуге арналған бірегей тыныс алу жаттығулары.
Енді біз жаттығуды тек тиімді ғана емес, сонымен қатар барынша қауіпсіз өткізуді білеміз! 🛡️🙌
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ерекше энергия үшін алғыс айтамыз! Есіңізде болсын: бүгінгі жасаған әрбір қадамыңыз — ертеңгі сау болашаққа қосқан үлесіңіз.
Сіздерге деген ізгі ниетпен, Дене сауылықтыру орталығы ❤️







