2017 жылдың 15 қараша күні Мәншүк Мәметова атындағы аудиторияда, сағат 12.00-де Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Дулатовқа арналған «Алаш ардақтысы – Міржақып» атты әдеби-кеш Нутрициология кафедрасы еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Аталған іс шара құрметті профессор Мұстафина Ж.Ғ. қолдауымен, және Нутрициология кафедрасы еңбек гигиенасы және медицинасы, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы курсының меңгерушісі Қайнарбаева М.С., кафедра доценттері мен оқытушылары және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 4 курс және «Жалпы медицина» 2 курс топ студенттерінің қатысуымен өткізілді.
М.Дулатовтың өмірбаянынан презентация, өлең шумақтарынан үзінділер, патриоттық әндер, ұлттық күйлер студенттермен орындалды.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Осы іс — шараға қатысқан студенттердің шығармалары мен шеберліктеріне көрермендер жоғары баға берді«Өзі өлсе де, ақынның сөзі өлмейді» дегендей, Міржақып атамыз өмірден озғанымен, оның отты жырлары халқымыздың мәңгі жүрегінде.