20.02.2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің декан орынбасары Мукашева М.С., 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1 курс студенттерінің аға тәлімгері, медициналық құқық курсы бар денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының аға оқытушысы Авгамбаева Н.Н., жатақхана меңгерушісі Айткулова К.Т., студенттік Кеңес төрайымы Көшекбай А.С., студенттік декан Мырзахан Қ.М. қатысуымен №3 жатақханада жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында студенттердің жатақханада тұру тәртібі, талаптары, ережелерді орындаулары талқыға салынды. Сонымен қатар бөлме тазалықтары тексерілді. Жиналыстың қорытындысы бойынша хаттама толтырылды.