2026 жылғы 16 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағының бірлесуімен ұйымдастырылған «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған іс-шара «Наурызнама» онкүндігі аясында, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай өткізілді.
Фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық жәдігерлерді заманауи этнодизайн арқылы қайта жаңғырту, көшпелілер мәдениетін әлемдік деңгейде насихаттау және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту болды.
Фестиваль аясында ғылыми-практикалық конференция, этно-fashion show, халықаралық қолөнер көрмесі, көне технологияларды жаңғырту бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ креативті индустрия өкілдерімен стратегиялық кездесулер ұйымдастырылды.
Қатысушылар World Craft Cities Showcase көрмесінде Тараз қаласының киіз басу өнерімен, Түркістанның керамика дәстүрімен және Алматының зергерлік өнерімен танысты. Сонымен қатар fumage техникасы бойынша ерекше перформанстар, этнографиялық инсталляциялар мен интерактивті шығармашылық алаңдардың жұмысы ұсынылды.
Осы мәдени-танымдық іс-шараға Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің
🔹 аға кураторы Бейсенбинова Ж.Б.,
🔹 эдвайзерлер Кусайынова Э.И., Текманова А.Қ.
🔹 «Медико-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері,
🔹 «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері белсенді қатысты.
Студенттер ұлттық мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың заманауи тәсілдері, мәдени туризмнің маңызы және креативті индустриялардың қоғам дамуындағы рөлі туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар шеберлік сабақтарына қатысу арқылы дәстүрлі қолөнер технологияларымен тәжірибелік түрде танысты.
✨ Аталған іс-шара студенттердің мәдени дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және кәсіби әрі тұлғалық дамуына оң ықпал етті.







