2026 жылғы 20 наурызда «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында Н.Ж. Дәрмен, М.А. Рамазанова және Г.Е. Аимбетова оқытушылары «Медицина тарихы» пәні бойынша «Қазақстандағы дәстүрлі және ғылыми медицинаның дамуы» («Развитие традиционной и научной медицины в Казахстане», «The development of traditional and scientific medicine in Kazakhstan»)тақырыбында үштілділік саясатын іске асыру аясында ашық сабақ өткізді. Іс-шараға 6В10117 – «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 1-курс 033 және 034 орыс топтарының студенттері қатысты.
Сабақ интерактивті форматта өткізіліп, мультимедиялық презентациялар, кіріспе icebreaker-активтілігі, Kahoot платформасында тестілеу, интерактивті ойындар, талқылаулар және үш тілде терминологияны меңгеру элементтері қолданылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін және тақырыпқа қызығушылықтарын көрсетті.




