Ғылыми- зерттеу жұмыстары

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Кафедра әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға белсенді қатысады. ҚазҰМУ-дың ішкі гранты аясында «Студенттердің үлгерімі мен психологиялық әл-ауқаты және өзін-өзі бағалауының өзара байланысы» жобасы іске асырылуда. Кафедра қызметкерлері ҚР ҒЖБМ гранттарындағы «Интегралдық операторлардың бір класына зерттеу жүргізу және олардың қолданылуы» және «Жаңа психоактивті заттарды тұтынушылар арасында ВИЧ инфекциясының алдын алуды жетілдірудің ғылыми негіздері» жобаларына қатысады. Сонымен қатар, кафедра Ал-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен “Reducing Socio-Economic Inequality in Kazakhstan’s Regions…” жобасына қатысуда. Бұл ғылыми бастамалар кафедраның ғылыми әлеуетін арттырады және пәнаралық зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.
  2. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары жыл сайын импакт-факторы бар шетелдік рецензияланатын журналдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында, журналдар мен ғылыми іс-шаралар материалдарының жинақтарында, басқа да журналдарда (соның ішінде шетелдік) жарияланады.
  3. Қызметкерлердің «Erasmus Plus» бағдарламасы бойынша Еуропалық комиссия қаржыландыратын университеттерде білім мен ғылымдағы инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу» халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы, «Алғашқы медициналық көмек көрсетудегі инновациялар» халықаралық конгрессі сияқты ғылыми іс-шараларға қатысуы және басқалар.
  4. Қызметкерлердің ғылыми іс-шараларға, халықаралық ғылыми конференцияларға және басқа да академиялық шараларға қатысуы.