ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ АЯСЫНДА «ТАЗА СУ ЖӘНЕ САНИТАРИЯ» МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тұрақты даму мақсаттары аясында 2025 жылдың 21 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде халықаралық ғылыми форум өтті. Форумды қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Г.А. Бегимбетова, А.А. Айтманбетова, А.М. Шахиева, Г.М. Аликеева, М.Н. Жакупова және оқытушы Н.З. Хайруллаева ұйымдастырды. Форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Р. Рузуддинов атындағы жоғары медициналық стоматологиялық колледжі және Ташкент медициналық академиясы (Өзбекістан) қатысты.
Форум БҰҰ-ның 6-шы мақсаты – «Таза су және санитария» аясында өтті және барлық адамдар үшін судың қолжетімділігін қамтамасыз ету мен су ресурстарын басқарудың тұрақты әдістерін енгізуге бағытталды. Таза су мен санитария адамдардың өмір сапасын жақсартуда, экологиялық тепе-теңдікті сақтауда және әлеуметтік-экономикалық дамуда шешуші рөл атқарады.
Көптеген елдерде таза суға қол жеткізу қиын, бұл әсіресе дамушы елдерде байқалады. Өндіріс қалдықтары, ауыл шаруашылығы химикаттары және тұрмыстық қалдықтар судың сапасын нашарлатады. Климаттың өзгеруі су ресурстарына әсер етіп, құрғақшылық пен су тасқыны сияқты табиғи апаттарды тудырады.
Су мен санитарияға қолжетімділік: Көптеген адамдарда қауіпсіз санитарлық жағдайлар жоқ, бұл аурулардың таралуына себеп болады. Гигиеналық дағдылардың жетіспеушілігі инфекциялық аурулардың таралуына ықпал етеді. Су құбыры мен кәріз жүйелерінің болмауы немесе нашар жағдайы санитарлық жағдайларды нашарлатады.
Форумда білім беру мен ақпараттандыру, халық арасында гигиена мен санитария туралы білімді арттыру мәселелері талқыланды. Су ресурстарын басқарудағы халықаралық тәжірибелер мен жобалармен бөлісу.
Форум жастардың белсенділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді ынталандыруға және қоғамдастықтарды біріктіруге мүмкіндік береді. Таза су мен санитария мәселелерін шешу үшін жастардың идеялары мен ұсыныстары маңызды рөл атқарады. Форумның аяқталуында қатысушыларға сертификаттар табысталды.