6 желтоқсан 2019ж. «ХХІ ғасыр педиатриясы. Қазіргі заманғы мәселелер мен тенденциялар» тақырыбындағы Асфендияровтың 130 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Ұйымдастырушылар – Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Денсаулық сақтау экономикасы мен менеджментінің интеграцияланған жүйелері» кафедрасы.
Негізгі спикерлер: Cheryl Riise, ACNP, MPH, Master of Science in Nursing, Sema Hospital Almaty; Джусупов К.О., Халықаралық жоғарғы медицина мектебі, Бішкек, Қырғызстан; ҚР денсаулық сақтау саласындағы құрметті қызметкері Измухамбетов Т.А., «Эпидемиология және қоғамдық денсаулық, АИВ инфекциясы курсымен» кафедрасының профессоры Амиреев С.А., «Денсаулық сақтау экономикасы мен менеджментінің интеграцияланған жүйелері» кафедрасының меңгерушісі Кошербаева Л.К.
Баяндамалар саны – 11
Қатысушылар саны – 60, 3 әлем мемлекет (Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан) ғалымдары баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы АМСК қызметін жетілдіру мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Ұсынылған баяндамаларда міндетті медициналық сақтандыру, созылмалы ауруларды басқару, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен отбасылық дәрігерлерді оқыту, денсаулық сақтаудағы медбикелердің рөлін күшейту, вакцинация мәселелері, мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастыруда инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қозғалды
Конференция аясында постер таныстыру байқауы өтті: 1 орынды мейірбике ісі мамандығының 1 курс магистранты Түгел Майя, 2 орын – Мейірбек ісі мамандығының 1 курс магистранты Тоқаев Ришад, 3 орын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 2 курс студенті Мейірбек Гүлдана иеленді.
Конференция соңында резолюция қабылданды.