Санжар Жафарұлы Асфендияровтың 135 жылдығына арналған конференция.

2025 жылдың 16 сәуірінде Қарасай ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте қазақ халқының ұлы перзенті, көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, Қазақ КСР-інің денсаулық сақтау халық комиссары Санжар Жафарұлы Асфендияровтың 135 жылдығына арналған конференция өтті.
Мектеп басшылығының шақыруымен конференцияға «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының оқытушылары: м.ғ.к., кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Қожекенова Ж.А., м.ғ.к., , ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор Аликеева Г.М., магистр, профессор ассистенті Мусина М.С., «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасап, С.Ж. Асфендияровтың сан қырлы тұлғасын, Қазақстанның дамуына қосқан баға жетпес үлесін ашып көрсетті. Олар медициналық кадрларды даярлау жүйесін құрудағы және республикадағы алғашқы медициналық жоғары оқу орнын қалыптастырудағы рөлін атап өтті, ғалым ретіндегі ғылыми жетістіктері мен тарихшы, публицист, мемлекет қайраткері ретіндегі қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, еліміздің тұңғыш әйел дәрігері Гүлсім Асфендиярова жайлы, оның өмірі мен кәсіби жолы туралы айтты.
Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тарихи мұраны құрметтеу және жастардың білімге ұмтылуы рухында өтті. Қатысушылар ел дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаларды есте алу маңыздылығын атап өтіп, олардың ісін жалғастыру қажеттігін баса айтты.
Баяндама барысында кафедра оқытушылары жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түсу артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары және денсаулық сақтау саласындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар дәрігер мамандығына, оқу ерекшеліктеріне және жұмысқа орналасу перспективаларына қатысты белсенді түрде сұрақтар қойып, үлкен қызығушылық танытты.