Кенесариев Үсен Исмаилұлы
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, РЖҒА және ЖҒЕА акдемигі
1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Тоболино селосында дүниеге келді. М. Окороков атындағы орта мектепті бітірген соң Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиена факультетіне оқуға түсті және «Санитария» мамандығы бойынша 1975 жылы диплом алды. Өз еңбек жолында келесі асуларды бағындырды, атап айтқанда Қарағанды қаласындағы «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар» Ғылыми зерттеу институтында (ҒЗИ) және Мәскеу қаласындағы «Жалпы және коммуналдық гигиена» Институтында ғылыми қызметкер, Ғылым бөлімінің басшысы, кейіннен ҚазССРДенсаулық Сақтау Министрлігінің ғылыми техникалық басқармасының басшысы, «Гигиена және кәсіптік аурулар» ҒЗИ-ң ғылыми жұмысы бойынша директорының орынбасары, сонымен қатар ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің денсаулықты қорғау Республикалық орталығының бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі.
1981 жылы «Қазақстан су қоймаларын санитарлық қорғау мәселесіндегі таллидің қауіптілігін токсико- гигиеналық бағалау» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал 1993 жылы «Қарашығанақ мұнай өндіру аймағы – «Қоршаған орта – халық денсаулығы» жүйесіндегі бағалау көрсеткіштерін болжау және ұйымдастырудың гигиеналық негіздері» тақырыбымен докторлық диссертация қорғады. Екі диссертацияның да мағлұматтары әдістемелік ұсыныстар түрінде дайындалып, жаңаша технологиялар мен зерттеудің тиімді әдістерінің негізі ретінде тәжірибелік денсаулық сақтауда қолданысқа ие болды.
ҚР ДенсаулықСақтау Министрілігінде бөлім басшысы бола отырып,медициналық ғылымды ұйымдастыруда, жоспарлау сапасын жоғарылату ісінде және ғылыми зерттеудің тиімділігі мен жетістіктерін денсаулық сақтаудың тәжірибесіне қысқа уақытта енгізіп, елеулі еңбектер сіңірді.Үсен Исмаилұлының басшылығымен ҚР жеке және үкіметтік кәсіпорындарының, ҚР-дағы БҰҰөкілдерінің, шетелдік мұнай – газ компанияларының және басқа да халықаралық ұйымдарының тапсырысы бойынша 100-ден аса жобалар іске асырылды.
Профессор Кенесариев Ү.И. қоршаған орта нысандарының сапасын бағалау; тұрғындар денсаулығына қоршаған ортаның химиялық факторларыныңқауіп-қатерін басқару және бағалау; тұрғындар денсаулығының жағдайын эпидемиологиялық зерттеу; Денсаулық сақтаудың және тұрғындардың әлеуметтік басымдылығын зерттеу; тамақтану статусын бағалау және оның рационалдығы бойынша ұсыныстарды жасау; жобалар менхимиялық реагенттерге сараптама жәнетехникалық жобалық құжаттарды жүргізудегі заңнамалық санитарлық – гигиеналық нормаларды дайындауда үлкен іскерлік тәжірибеге ие.
1995 жылы ҚазҰМУ-ң жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ал 2013 жылы осы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің базасынан алғаш рет тұрғындар денсаулығының қауіп-қатерін бағалау зертханасы ұйымдастырылды: аталған әдістеме бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу үрдістеріне белсенді түрде енгізілді. Ғылыми жаңалықтар, оқытудың өзекті бағдарламалары мен әдістері ҚP Білім және Ғылым министрлігімен бағаланып, Кенесариев Ү.И.«2013 жылдың ҚР ең үздік ұстазы» құрметті атағы берілді.
Үсен Исмаилұлы өз білімін және мол іскерлік тәжірибесін шәкірттерімен бөлісіп келуде: осының арқасында 50-ден артық медицина ғылымдарының кандидаттарын, докторларын және магистранттарын дайындап шығарды.
Профессор Кенесариев Ү.И. қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары бойынша көптеген аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі семинарлар, съездер және конференцияларға белсенді түрде қатысты. Олар Лондон – 2000 ж. (Англия); Хьюстон (АКШ) – 2001 ж.; Тель-Авив (Израиль) – 2005 ж.; Римини (Италия) – 2010 ж.; Малага (Испания) – 2011 ж.; Будапешт (Венгрия) – 2012 ж.; Бостон (АКШ) – 2013 ж.; Мәскеу (РФ) – 2013 ж.; Лиссабон (Португалия) – 2014 ж.; Сочи (РФ) – 2013.; Ялта (РФ) – 2016 ж.; Кипр – 2016 ж.; Кельн (ФРГ) – 2017 ж. және т.б.
300-ден аса ғылыми жұмыстар, соның ішінде 6 монография, 8 оқулық, 16 нормативті – құқықтық актілер жарық көрді.
Гигиена ғылымының дамуына сіңірген жеке еңбегі үшін профессор Кенесариев Ү.И. 2014 жылы «Жаратылыстану ғылымының Еуропалық академиясының» (ЖҒЕА) академигі, 2014 жылы «Ресей жаратылыстану ғылым академиясының» (РЖҒА) академигі атақтары берілді.
Үсен Исмаилұлы – Оксфорд Академиясы одағының мүшесі (Oxford U.K), көптеген марапаттардың иесі, атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов атындағы Алтын медалімен, өнеркәсіп және технологияларының бірлестік Агенттігінің «Сапа үшін Еуропалық Гран При» Алтын медалімен (2015 ж, Швейцария), ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік дамыту Министрілігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2014 жыл), ЖҒЕА Пирогов орденімен (2014 жыл), «Ерең еңбегі үшін» медалімен (2010 жыл), отандық және халықаралық Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.