2025 жылдың 26 ақпанында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №4 аудиториясында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастыруымен «БІЗ КОРРУПЦИЯҒА ҚАРСЫМЫЗ» тақырыбында конференция өтті. Оған қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Нұрбақыт Ардақ Нұрбақытқызы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы, әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің басшысы Шерзат Шермет Розметұлы, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің, стоматология және педиатрия мектептерінің 2, 3, 4 курс студенттері қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары – қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушылары Айтманбетова А.А., Шахиева А.М., Аликеева Г.М., Жакупова М.Н., Мусина М.С.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті шараларды талқылау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу үшін тиімді шешімдер іздеу болды. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Нұрбақыт Ардақ Нұрбақытқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәдениеті, сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға бағытталған адамгершілік құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен көзқарастар жүйесі туралы сөз қозғады.
Бұдан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы сөз сөйлеп, ұйымдардағы заңнамалық бастамалар, құқық қолдану практикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер туралы айтты: «Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамға ең қауіпті мәселенің бірі болып қала береді, мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді, әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді және экономикалық дамуды бәсеңдетеді. Оның жойқын әсері биліктің жоғарғы эшелондарынан бастап қарапайым азаматтардың күнделікті өміріне дейін барлық деңгейлерде сезіледі».
Дискуссия барысында қатысушылар негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-жүзіндегі жағдайлары мен сәйкес мысалдарын талдады.
Іс-шара қорытындысы бойынша конференцияға белсенді қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды. Қатысушылар тәжірибе алмасу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
Қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз және болашақ конференцияларымызға шақырамыз!