Биыл халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл. «Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» , деген мақал бар. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық ұлы тұлға.
Көзінің тірісінде-ақ «Димаш аға! » деп күллі Алаш жұрты төбесіне көтере ұлықтаған — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев шын мәнінде, қазақтың іргесін нықтап, енсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен айтулы тұлға. Бірегей тұлғаның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиеттері де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғана түсуде.
Ректордың кеңесшісі, этикалық кеңес төрайымы, профессор Жанар Ғабиденқызы Мустафина, Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент мамандығы факультетінің декан орынбасары Айгуль Стальевна Уважанова, жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті Бегимбетова Гульшат Алтайқызы мен оқытушы Гулбаршын Мухтарқызы Айтжанова 1 курс студенттерімен Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойып тағзым етіп қайттық.
Ескертіш алдына жиналған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағамыздың көзкөрген зиялы қауым өкілдерін, замандастарын көріп ол кісілерді көзбе-көз көріп кездесіп қайттық. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өз елінің бағына туған ұлы тұлға екендігін, өсіп келе жатқан жас ұрпақ оған басын иіп, өздеріне үлгі тұтарлықтай әсер қалдырды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, оның еңбекқорлығы, ел сүйгіштігін, өзінің еліне деген, халқына деген жанашырлығын әр өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзіне өмірлік жол, өмірлік ұстаным етер болса, біздің мемлекет мәңгі болмақ…