2016 жылдың 21 қазанында Этикалық кенес төрайымы, ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г. және жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушылары 1 және 3 курс студенттерімен 2016-2017 оқу жылына арналған С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстарының жоспарына сай «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің ішкі оқу ережелерімен», соның ішінде студенттерге «Студенттердің сыбайлас жемқорлық жөніндегі жауапкершілігімен» таныстыру іс-шарасы өткізілді.
Өткізілген і-шара «Қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық іс және менеджмент» факультетінін деканымен бекітіліп өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты пен міндеттерін ескере отырып, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Ғылыми кеңесі бекіткен 2012-2015 ж. арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты мен бағдарламасын жүзеге асыру жоспары»-ның бекітілгендігі туралы Этикалық кенес төрайымы, ректордың кеңесшісі, профессор Мустафина Ж.Г. атап өтті.
Кафедра оқытушыларының баяндамалары тындалып, студенттер арасында кері байланыста пікірталас сұрақтар талқыланды.
Қорытындылай келе «Медицина и корупция несовместимы» бейнефильм көрсетілді.
Іс-шараға 100-ден астам «Қоғамдық денсаулық сақтау,медико-профилактикалық іс және менеджмент» факультетінің 1 курс, «Жалпы медицина» факультетінің 1,3 курс студенттері қатысты.