2016-2017 оқу жылы бойында, басқа жылдардығы сияқты, ҚазҰМУ-де мақсаты жемқорлыққа қарсы бағытталған жемісті жұмыс жалғасуда..
Бүгін сенімді түрде жоо Этикалық кеңесінің, профессорлық-оқытушылық құрамның және студенттік ативтің біріккен күшінің арқасында жемқорлыққа қарсы әрекетті қолдайтын қоғамдық пікір қалыптасты деуге болады. Осыған орай, жемқорлыққа қарсы әрекет етудің маңызды аспектілерінің бірі болып студенттердің ат салысуы белгіленген, яғни жастар арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырып және оған қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу.
Осы миссияны іске асырудың жарқын мысалы болып , служило мероприятие, жылдың 28 ақпанында, студенттердің инициативасымен: «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткізілген іс-шара. Іс-шараны сабақтан тыс уақытта студенттік жатақханада өткізу кездездейсоқтық емес, керісінше, факультеттің барлық курстары мен мамандықтары студенттерінің қатысу мүмкіндігін арттыру мақсатын көдеген шешім болды.
Жұмыс «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті А.А. Айтманбетовамен, «Нутрициология» кафедрасының доценті А.Б. Чуенбековамен, «Коммуналдық гигиена және Б және ЖГ» кафедрасының доценті А.К. Текмановамен «Х.Досмухамедов атындағы ҚДСМПІМІ және менеджмент» факультетінің студенттермен тәрбие ісі бойынша бекітілген жоспарға сай ұйымдастырылды.
Іс-шара бағдарламасы студенттермен жұмыс бойынша Ректор Кеңесшісі, Этикалық кеңес төрайымы, проф. Ж.Г. Мустафинаның түсіндірме жұмыстарымен студенттік аудитория үшін де қолжетерлік және бейінді етілген «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жемқорлыққа қарсы саясатын» бсшылыққа ала отырып құрастырылды.
Іс-шара мемлекеттік тілде өткізілді; презентация және видеоматериалдармен үйлестірілді. Сонымен қатар іс-шара форматында плакаттар конкурсы, студенттер шығармашылығынан өлеңдер оқу, тақырыптық көріністер мен сюжеттер қойылды.
Белсенділік танытқандар қатарында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 5 курс студенттерін атауға болады: Оташ. А. –«Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» тақырыбына презентация; Зулбыхар Н. –«Жетім қыз» монологы; Амзеева Н. –авторлық шығармашылығынан өлеңдер оқу. Актерлік талант және шеберлікті «Медико-профилактикалық іс» мамандығының 4 курс студенттері демонстрациялады.
Акцияны ұйымдастырушылары насихат жасау барысында, жоо жемқорлыққа қарсы әрекетін реттейтін директивті және нормативті құжаттарға (2015-2025 жж. Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы стратегиясы; ҚазҰМУ жемқорлыққа қарсы саясаты; 2017-2021 жж. университеттің стратегиялық жоспары; Ішкі оқу тәртібінің ережелері; ҚазҰМУ оқытушысының Ар-намыс Кодексі; ҚазҰМУ студентінің Ар-намыс Кодексі және т.б.) жиі сілтеме жасап отырды. Студенттермен жұмыс бойынша Басқарманың Этикалық кеңеспен өзара әрекеттесе отырып, университет бөлімдерінің және оқу үрдісіне қатысушылардың жемқолыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында белгіленген нормаларды сақтауына қатаң қадағалау жүргізетіні туралы да айтылып өтті.
Іс-шараны қорытындылай келе, әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша деканның орынбасары А.С. Уважанова деканаттағы әлеуметтік және тәрбие жұмысының студенттердің этикалық ұстанымдары мен рухани құндылықтарын шындандыруда маңызды әрекет ететіне тоқталып өтті. Сонымен қатар болмашы жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар, адам абыройы мен құқығын төмендетіп, нұқсан келтірудің ар-намыс Кодексін бұзушыларға қатысты жазалау негізі болып тбылатындығы жөнінде жете түсіндірді.