Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде «Өнеге-өмір жолына бастау» атты тақырыпта мотивациялық кездесу өтті

 

2024 жылдың 29 ақпанында сағат 11.00-де Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Мейірбике ісі» мамандығының студенттеріне арналған «Өнеге-өмір жолына бастау» атты тақырыпта мотивациялық кездесу өтті.

Мотивациялық кездесуді Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканының м.а. К.Карибаев арнайы сөз сөйлеп, ашып берді.

Мотивациялық кездесуге арнайы шақыртылған Түлектер мансабы орталығының маманы П.М. Есімбекова өзін таныстырып өтті.

Кездесу барысында «Аймақтық диагностика орталығының» бас мейіргері Исенова Балдай Калимуллиновна студенттерге 2012 жылы «Эмили» медициналық колледжінің «Мейірбике ісі» мамандығына түсіп, 2016-2019жж. «Каспий қоғамдық университеті» факультеті «Мейірбике ісі» кәсіби мамандығын алды, 2019-2021жж. С.Асфендияров атындағы ҚазҰМ университетіннің магистратурасын сәттен аяқтап, 2021жылдан бастап С.Асфендияров атындағы ҚазҰМ университетінде PhD докторант, бүгінгі таңға дейінгі қол жеткізген жетістіктері туралы және мейірбике мамандығының қызықты әрі маңызды мамандық екендігі туралы айтып берді. «Мейірбике ісі» мамандығының студенттері қонағымызға өз ойларындағы қызықты сұрақтарын қойды. Мотивациялық кездесу қызықты өтті және студенттерге ұнады.