Тәрбие жұмысы бойынша жоспарға сәйкес 2016 жылдың 29 қарашада № 7 аудиторияда сағат 13.00 факультет деңгейінде «Мәңгілік ел: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты іс-шара өткізілді.Бұл іс- шара биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы ұйымдастырды. Іс- шара сценарийін кафедраның доценті, ф.-м.ғ.к. Аймаханова, аға оқытушылар Раманқұлова А.А. және Ахтаева Н.С. дайындады.
Іс-шараның мақсаты-студенттерге Мәңгілік ел — бұл Қазақстан халқының ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз, ондаған жылдар алдына мақсаттарды орнату және Қазақстанның лайықты даму стратегиясын жнткізу. Президентің алдындағы негізгі мәселе білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және Қазақстанның әлеуметтік қорғаудың ең өзекті мәселелері, жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылау, «Мәңгілік ел» патриоттық актісін қабылдау болып табылады.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісінде ата-бабаларымыздың арманы болған негізгі құндылықтар негізіндегі идея ұсынылған. Өскелеңұрпақ біздің құндылықтарды сақтауға және елдің болашағын жақсартуға міндетті. Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу халықтың рухани байлығы және мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 қадам», 85 және 89 қадамдары«Мәңгілік ел» патриоттық идеяға патриорттық актісінің жобасын құруға және «Мәңгілік ел» құндылықтарын ағымдағы білім беру бағдарламаларына ендіру идеясына арналған.
Іс- шараға «Х. Досмухамедов атындағы ҚДСМПІМІ және менеджмент» факультетінің бірінші және үшінші курс студенттері, стоматология факультетінің екінші курс студенттерінен 100 аса студенттер және биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының оқытушылары қатысты.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Көрермендер осы іс-шараға қатысқан студенттердің шығармашылық және шеберлігін жоғары бағалады, жүргізушілерге жоғары баға берді.