«Мейіргер ісі» кафедрасының оқу процесі студенттерді болашақ мейіргерлік тәжірибеге дайындауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды. Оқу процесіне дәріс, практикалық сабақ, клиникалық тәжірибе, семинарлар мен талқылаулар, студенттердің жеке жұмысы, емтихан мен аттестациялау кіреді. Кафедрадағы оқу процесі қатаң түрде реттеледі және студенттерден жоғары академиялық жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Ол студенттерге медицина саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды береді.
ҚазҰМУ мен Гуанчжоу медициналық ғылымдар колледжі мейіргер ісі және оңалту саласындағы ынтымақтастықты талқылады
2026 жылғы 13 қазанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚазҰМУ басшылығы мен қызметкерлерінің Қытай Халық Республикасының Гуанчжоу медициналық ғылымдар колледжі (Guangzhou Health Science College) делегациясымен кездесуі өтті.
Қытай делегациясын колледждің вице-президенті Ян Чун бастап келді. Делегация құрамына сондай-ақ Халықаралық алмасу және ынтымақтастық орталығының директоры Ло Юй, Оңалту және денсаулық мектебінің деканы Юй Цинхуа, Мейіргер ісі мектебі деканының орынбасарлары Сун Вэньцзюань мен Малайзиядағы Халықаралық мәдени коммуникация орталығының (ICCCM) жоба үйлестірушісі Леонг Чжэнь Хуэй кірді.
ҚазҰМУ атынан кездесуге бірінші проректор Диляра Қайдарова, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Жанат Көжекенова, Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Динара Маханбеткулова және Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысының міндетін атқарушы Меруерт Якупова қатысты.
Тараптар мейіргер ісі, оңалту және медициналық білім беру салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Академиялық ұтқырлықты дамытуға, оқытушылар мен студенттердің өзара алмасуына, кәсіби тағылымдамалар ұйымдастыруға және шетелдік студенттерді бірлесіп оқытуға ерекше назар аударылды.
Перспективалық бастамалардың бірі ретінде ҚазҰМУ базасында «Қытай тілі + кәсіби дағдылар» даярлау орталығының шетелдік алаңын ашу мүмкіндігі қарастырылды. Қатысушылар сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік материалдармен алмасу және тәжірибеге бағдарланған оқытуға бағытталған білім беру ресурстарын жасау мәселелерін талқылады.
Дәстүрлі қытай медицинасының әдістерін қолдана отырып, мейіргер ісі және оңалту саласындағы мамандарды даярлауды жетілдіруге, сондай-ақ қолданбалы зерттеулерді дамытуға және медициналық білім беруді реформалау саласында тәжірибе алмасуға айрықша көңіл бөлінді.
Кездесудің маңызды қорытындысы тараптардың серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін бекіткен ынтымақтастық туралы ниет хатқа қол қою болды.
ҚазҰМУ мен Гуанчжоу медициналық ғылымдар колледжі Қазақстан мен Қытайдың денсаулық сақтау жүйелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірлескен жобалар мен кадр даярлау тәсілдерін әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
«Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасында кездесу өтті
2026 жылғы 6 қазанда ҚазҰМУ-дың «Мейіргер ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары С.Т. Сейдуманов, Б.А. Искаков және А.М. Индершиев «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы – ҚазҰМУ клиникалық базасында ПМСП орталығының мейіргерлерімен семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында Қазақстандағы мейіргер ісінің қазіргі жағдайы, мейіргерлердің кәсіби қызметі және кафедра мен ПМСП орталығы арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша мейіргерлік әлеуетті дамытуға бағытталған одан әрі бірлескен жұмыс бағыттары айқындалды.
2025–2026 оқу жылында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасын 369 студент аяқтады.
«Мейіргер ісі» кафедрасының халықаралық және ғылыми жобалары
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасы мейіргерлік ғылымды дамытуға, мейіргерлердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, созылмалы аурулардың асқынуларының алдын алуға және денсаулық сақтау мамандарын даярлау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларына қатысу арқылы халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді.
- «Орталық Азия елдерінде басқару тиімділігін арттырудың ресурсы ретінде бастапқы медициналық-санитариялық көмек мейіргерлерінің кәсіби тәжірибе ортасы» халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы
Жоба С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасы базасында халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда. Кафедра жобаның үйлестірушісі болып табылады және Қазақстан Республикасындағы ұлттық кураторы ретінде қызмет атқарады. Жоба сондай-ақ Литва денсаулық ғылымдары университетімен (Lithuanian University of Health Sciences, LSMU) бірлесіп іске асырылады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде – 2028 жылғы 30 маусым.
Қатысушы елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Литва.
Зерттеудің халықаралық серіктестері: Ташкент мемлекеттік медицина университеті (Өзбекстан Республикасы); И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы (Қырғыз Республикасы); Душанбе қаласындағы Республикалық медицина колледжі (Тәжікстан Республикасы); Литва денсаулық ғылымдары университеті (Литва).
Жобаның негізгі бағыты – бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарындағы мейіргерлердің кәсіби тәжірибе ортасын Орталық Азия елдеріндегі басқару тиімділігін арттырудың маңызды ресурсы ретінде зерттеу.
Зерттеу аралас дизайн негізінде жүргізіледі және деректерді жинаудың сандық әрі сапалық әдістерін біріктіреді. Зерттеу аясында БМСК ұйымдарының мейіргерлері арасында сауалнама жүргізіліп, тереңдетілген сұхбаттар алынады. Жобада халықаралық деңгейде валидтелген келесі құралдар пайдаланылады: RPPE (Revised Professional Practice Environment) – кәсіби тәжірибе ортасын бағалау; RoCAES (Reporting of Clinical Adverse Events Scale) – клиникалық жағымсыз оқиғалар туралы хабарлау деңгейін бағалау; EBNP (Evidence-Based Nursing Practice) – дәлелді мейіргерлік практиканы бағалау.
Жоба келесі бағыттарды зерттеуге арналған: мейіргерлердің кәсіби қызмет жағдайларын бағалау; дәлелді мейіргерлік практиканы дамыту; пациент қауіпсіздігі мен клиникалық жағымсыз оқиғалар мәселелерін зерттеу; Орталық Азия елдеріндегі мейіргерлік тәжірибенің кәсіби ортасына салыстырмалы талдау жүргізу.
- «Impact on Diabetic Foot Ulcer Formation: Exploring Attitudes and Influencing Factors in Foot Care» халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы
«Impact on Diabetic Foot Ulcer Formation: Exploring Attitudes and Influencing Factors in Foot Care» халықаралық көпорталықты зерттеуі диабеттік табан ойық жараларының қалыптасуына әсер ететін факторларды, табан күтімі тәжірибелерін және қант диабеті бар пациенттерге көрсетілетін профилактикалық көмекті жетілдіру мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Зерттеу Жапониядағы Нагоя университетінің Медицина жоғары мектебі, Денсаулық сақтау ғылымдары мектебімен (Nagoya University Graduate School of Medicine, School of Health Sciences) бірлесіп жүргізілуде. Қазақстан халықаралық жобада С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті атынан ұсынылған.
Зерттеу кезеңінің мерзімі: 2024 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін.
Негізгі зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін алынған деректерді талдау, ғылыми жарияланымдарды дайындау және зерттеу нәтижелерін ғылыми іс-шараларда ұсыну жұмыстары жалғасуда.
Қатысушы елдер: Жапония, Литва, Қытай, Индонезия, Нигерия, Тринидад және Тобаго, Қазақстан. Зерттеудің халықаралық форматы диабеттік табанның профилактикасына қатысты қолданыстағы тәсілдерді салыстырмалы түрде талдауға, сондай-ақ барлық елдерге ортақ және жекелеген елдерге тән ерекшеліктер мен мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жобаның негізгі бағыты – пациенттердің табан күтімі бойынша білімі, мінез-құлқы және олардың табан күтімі жөніндегі ұсынымдарды орындауына әсер ететін факторларды зерттеу арқылы диабеттік табан ойық жараларының профилактикасын жетілдіру және қант диабеті бар пациенттерге көрсетілетін көмекті жақсарту.
Жоба сауалнама жүргізу мен сұхбат алуды біріктіретін аралас зерттеу дизайнына негізделген. Бірінші кезеңде пациенттердің диабеттік табан туралы білім деңгейі, өзіндік тиімділігі (self-efficacy), табан күтімінің нақты тәжірибелері, сондай-ақ медицина қызметкерлері ұсынатын ұсынымдар мен оқытудың мазмұны зерттеледі. Екінші кезеңде сұхбат жүргізу арқылы табанға тұрақты күтім жасауға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін факторлар және диабеттік табан ойық жараларының дамуымен байланысты жағдайлар талданады.
«Impact on Diabetic Foot Ulcer Formation: Exploring Attitudes and Influencing Factors in Foot Care» халықаралық ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру аясында кафедраның жарияланымдық және конференциялық қызметінде ұсынылған ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.
Жоба материалдары бойынша Q1 квартиліне кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда мақала жарияланды. Зерттеу нәтижелері бірнеше ғылыми конференцияларда ауызша баяндамалар түрінде ұсынылды, ал жекелеген материалдар конференция тезистері ретінде жарияланды. Алынған нәтижелер диабеттік табан профилактикасы мен мейіргерлік күтім мәселелері бойынша деректерді одан әрі талдау және кейінгі ғылыми жарияланымдарды дайындау үшін пайдаланылуда. Сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту аясында кафедраға жапон тарапының жоба жетекшісі, PhD, Нагоя университетінің доценті Юкари Такено жұмыс сапарымен келді.
БМСК ұйымдарымен кездесу
2026 жылғы 2 қазанда С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары С.Т. Сейдуманов, Б.А. Ысқақов және А.М. Индершиев университет жанындағы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) орталығының мейіргерлерімен семинар-кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушылар еліміздегі мейіргер ісінің қазіргі жағдайын, АМСК орталығының мейіргерлік қызметкерлерінің жұмысын және кафедра мен орталық арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын қарастырып, талқылады. Шара соңында орталық басшылығымен университеттің мейіргерлік әлеуетін дамыту мақсатында кафедра мен АМСК орталығы арасындағы ынтымақтастықтың алдағы қадамдары айқындалды.
2026 жылдың 6-18 сәуір аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының мамандары- кафедра меңгерүшісі Махамбеткулова Д.Н., ас. профессорлер Сейдуманов С.Т. және Индершиев А.М. И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сапарда болды.Бұл сапар оқұ орындардың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде халықаралық серіктестікті дамыту және медбике мамандарын даярлауда тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Сапар барысында академия басшылығымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен және кәсіби қоғамдастық өкілдерімен- ҚММА ректоры проф. Құдайбергенова Д.О., жоғары мейіргерлік білім берү факультетінің деканы Кулукеева А.Т., мейргер ісі кафедрасының меңгерүшісі доцент Құрманалиева З.Б., қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерүшісі проф. Айдаров З.А., Қырғыз халықаралық университетінің МІ кафедрасының меңгерүшісі доцент Күшбакеева А.К тағы басқа мамандармен кездесулер болды. Мейіргер ісі бойынша білім беруді жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, мейіргерлерді оқыту сапасын арттыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ҚММА-мен серіктестік аясында Қырғызстанда ресми сапармен келген Павислян қолданбалы ғылымдар академиясының (Гданьск қ., Польша) ректоры проф. Katarzyna Strala-Osuch кездесу және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚММА мейіргер ісі мамандығының әртүрлі курстарының студенттеріне замануи технологиялары және мейіргер ісінің қазіргі жағдайы туралы дәрістер оқылды.
Біздің сарапшылар сапар кезенінде өткен «ҚММА Ғылым күндері- 2026» аясындғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Қырғызстандағы мейіргерлердің оқыту жүйесі туралы әрі қалай түсінік алу үшін Бішкек медициналық колледжімен танысу өтті. Ол мекемеде басшылығы және қызметкерлерімен кездесу, мейірбике кадрларын даярлаудың білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ ұйымның материалдық-техникалық базасымен және инфрақұрылымымен танысты.
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының бастамасымен ұйымдастрырылған «Орталық Азия елдеріндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мейірбикелерінің тәжірибесі» атты жобасын іске асыру бойынша семинар және кездесу ұйымдастырылды. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның мамандары қатысты.
Сапар қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, инновациялық білім беру шешімдерін енгізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.
2026 жылғы 25 сәуірде «Мейіргер ісі» кафедрасында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Мейіргер ісіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбында ғылыми үйірме отырысы өткізілді. Іс-шара «Аксай» клиникасы базасында студенттер, магистранттар және докторанттардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Отырыс барысында денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, орта медициналық персонал қызметінде медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ мейіргерлік практикада жасанды интеллект пен аналитикалық құралдарды қолдану перспективалары талқыланды.
Цифрландыру жағдайында мейіргерлік көмектің сапасын арттыру, практикалық кейстерді талдау және білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейі артқаны, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығының күшейгені атап өтілді.

Ассистент Сартаева Дилара Сериковна
Ассистент Алимкулова Малика Юнусқызы
Ассистент Иманбек Бағымжан Кеңесқызы
📅 19.03.2025 ж. «Геронтологиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша маңызды тақырыпқа арналған ашық сабақ өтті. Мейіргер ісі кафедрасының лекторы Садақбаева Гүлім Қуанышқызы студенттерге «Пациенттерге және олардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету. Туыстарына қарт адамдарға күтім жасау дағдыларын үйрету» тақырыбында дәріс жүргізді.
🔹 Сабақтың ерекшелігі – теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, студенттердің қарияларға күтім жасау және олардың жақындарына психологиялық қолдау көрсету дағдыларын жетілдіруі.
🔹 Топ: МІ 24-017к
🔹 Оқыту тілі: қазақ тілі
🔹 Оқыту әдісі: рөлдік ойын
💡 Рөлдік ойын әдісі арқылы студенттер қарт адамдарға күтім жасаудың маңызды аспектілерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, науқастармен және олардың туыстарымен қарым-қатынас орнату жолдарын үйренді.
📢 «Геронтологиядағы мейіргер ісі» пәні бойынша өткен ашық сабақ барысында МІ24-017 тобының студенттері белсенділік танытып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті.
🏅 Импровизациялық рөлі үшін Мұхамеджанова Меру Ерғалиқызы мен Мыржақыпова Сауле Муратовна, Мұхтарилова Гүлнұр Ғазизовна марапатталды!
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз! 🌿



























