Кафедра тарихы
Кафедра тарихы 1993-2019 жылдары кафедраны Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев Мақсұт Әділханұлы басқарды. Көптеген заңнамалық, директивті және нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысты. Оның ғылыми жетекшілігімен 13 кандидаттық диссертация, 2 PhD диссертация және Берлин университетінде 1 Халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау магистрі диссертациясы қорғалды. Көптеген пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларының авторы. […]
