2016ж 23 наурызда Екатеринбург қаласында «Заманауи қоғамдағы кәсіби білім және экономиканы дамытудағы өзекті сұрақтар» атты тақырыпта, XIII Халықаралық жастардың ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция онлайн-режимде «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасының қатысуымен болды. Конференцияға ҚазҰМУ-н күндізгі және қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 31 студент қатысты. Конференцияның соңында студенттер сертификат алды. «Менеджмент» мамандығының студенті Богашева Р. баяндамасын ерекше атап айтуға болады.