ҚазҰМУ-нің этикалық кеңесі, Х. Досмухамедов атындағы ҚДС мектебі және жалпы гигиена және экология кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың қазан айының 19-күні «Алма-ата» конференция залында «Қазақ елі» Невада-Семипалатинск — XXI ғасырдың қарусыз антиядролық қозғалысы атты конференциясы «Еске алу, болашақты ойлау» мақсатында 3 курс студенттерімен өткізілді.
Конференцияның алғашқы сөзін Х.Досмухамедов атындағы ҚДС мектебінің деканы Давлетов К.К. ашып берді.
Ары қарай сөз кезегін этикалық кеңес төрайымы, профессор Мустафина Ж.Г. алды.
Профессор Мустафина Ж.Г бұл конференцияда «Шежіре беттері-Невада-Семипалатинск антиядролық қозғалысында» қазақ елінде, жерінде болған орасан қасіреттің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына қалай әсер еткені туралы сөз қозғады.
Осыдан 26 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақ жүргізген Қазақ елінде сынақ жүргізуді тоқтатуға жарлық бергені туралы айтып өтті.
Жалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, PhD Кенесары Д.У конференцияға байланысты «Қоршаған орта және КМГККО аймағындағы тұрғындар денсаулығы» атты баяндама жасады.
Баяндамада еліміздегі аса ірі өндіріс аймағы Қарашығанақ мұнай газ кен конденсаты орнының экологиялық және экономикалық маңызды саласының тұрғындар денсаулығына радиация шеңберіндегідей әсер етуін атап өтті.
Сондай-ақ кафедраның және факультеттің аға жетекшісі Бегимбетова Г.А «Азғыр ядролық полигон аймағының медициналық-экологиялық жағдайы» тақырыбында баяндамен жалғастырды.
Бұл баяндамада 3 курс ҚДС мектебінің студенттеріне «Азғыр ядролық полигон аймағының қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсері» туралы кафедра қызметкерлерімен жасалынған зерттеу жұмыстарының нәтижесі баяндалды.
Баяндаманы қорытындылай келе, ҚДС мектебінің студенттерін ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналуса шақырды.
Конференция конағы Б.Атшабаровтың ұлы Айдар Айтшабарұлы әкесінің осы Невада-Семипалатинск қозғалысындағы ерең еңбегі туралы, студенттерге өз ойын айтып жеткізді.
ҚДС мектебінің студенттері өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті.
Конференция тақырыбына сай ҚазҰМУ-нің кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды.